Жерлесіміз чемпион атанды. Өткен аптада Орал қаласында самбо күресінен ардагерлер арасында әлем біріншілігі өткен. Боз кілемдегі бәсекеде Көксу ауданына қарасты Талапты ауылының тумасы Сейітақын Дәуітов алтыннан алқа тақты. Көк туымызды көкте желбіретіп, туған жердің абыройын асқақтатқан спортшыны ауылдастары сән-салтанатымен күтіп алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.