Ұлттық өнер ұлықталды. Бүгін Алматы облысында алғаш рет «ШЕБЕР – FEST» республикалық фестивалі өтті. Аясында еліміздің түкпір-түкпірінен келген қолөнер шеберлері орталық алаңға өз жұмыстарын қойып, көрме мен жәрмеңке ұйымдастырды. Ал облыс өнерпаздары ән мен биден шашу шашып, жиылған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






