Мемлекеттік қызметшілер үшін қолайлы жағдай жасау маңызды. Ол – мемлекеттік бағдарламаларды неғұрлым сапалы іске асыруға әсер ететін фактордың бірі. Осы мақсатта Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында жаңа әкімшілік ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде аяқталуға жақын. Оның құрылысына бюджеттен 159 млн теңге бөлініпті. Бас мердігерлік ұйым “Еділ – Строй” ЖШС құрылыс компаниясы. Өкілдері осы жыл соңына дейін қолданысқа береміз деп отыр. Жиырмаға жуық құрылысшы ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізуде. Одан кейін аудық әкімдіктің аумағын абаттандыруға кіріспек. Айта кетейік, бүгінде ауданның Текес ауылдық округінде 15 жуық маман жұмыс істейді. Олардың барлығы жылдың соңына қарай жайлы кабинеттерге орналасады
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.