Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев екінші жартыжылдықтағы халықпен кездесуін бастады. Қонаев тұрғындарымен есептік жиын әдеттегідей облыс орталығында емес, орталыққа қарасты Шеңгелді ауылында өтті. Марат Елеусізұлы бұл жолы жаңа форматта есеп берді. Тілшіміз Меруерт Қыдырбайқызы Шеңгелдіде шешімін таппай жүрген талай мәселенің барын айтады.