Республика күні қарсаңында қуанышқа кенелді. Бүгін қалаға қарасты “Жастар 2” шағын ауданы табиғи газға қосылды. Көмір тасып, от жағу машақатын көріп келген тұрғындардың көңілі жайланды. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов пен қала әкімі Ернат Бәзіл қатысты.