Қыран елім – Қазақстаным! Бүгін дәл осы тақырыпта Талдықорғандағы Есжан Берліқожаұлы атындағы номері 11 орта мектепте республика күніне орай сынып сағаты өтті. Онда балаларға ұлттық мерекенің маңыздылығы мен тарихы түсіндірілді. Оқушылар патриоттық әндер шырқап, өлең оқыды.






