Сарқандықтардың қуанышында шек жоқ. Республика күні қарсаңында ауданда үш бірдей блокты-модульді жаңа медпунктер ашылды. Медициналық нысандар Бірлік, Қазыбаев және Ешкіөлмес ауылдарында қолданысқа берілді. Бұл ауыл халқының көптен күткені еді. Ашылуына тұрғындар тегіс жиналды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.