Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінде “Ашық есік” күні өтті. “Антикор орталығы” алаңына Талдықорғандағы жоғары және колледж студенттері жиналды. Қызметкерлер заңгер мамандығына оқып жүрген жастарға шағын экскурсия ұйымдастырып, өздерінің жұмыс орындарын, мақсат-міндеттерін таныстырды. Жастарды болашақта өз департаменттеріне қызметке орналасуға шақырды. Білімгерлер бұл саланың негізгі бағыт бағдарынан мағлұмат алып, жұмыс нәтижелерінен ақпар алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.