Алматы облысындағы Саты ауылы “Үздік туристік ауыл 2023” халықаралық марапатына ие болды. Дүниежүзілік туристік ұйым жыл сайын ауылдық жерлерді дамыту, мәдени құндылықтар мен аспаздық дәстүрлерді сақтауда ең үздік туристік ауылдарды анықтайды. Саты – Көлсайға барар жолда орналасқан, табиғат көркем мекен. Бұл аймақ өзінің асқар тауларымен, таза көлдерімен және қазақы қонақжайлылығымен ерекшеленеді. Халықаралық ұйым 260-қа жуық өтінімді қарастырып, әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 54 елді-мекенді таңдаған. Биыл Саты ауылының инфрақұрылымы жақсарып, демалыс аймақтары көбейген. Алдағы уақытта Көлсай мен Қайыңды көлдеріне баратын қосымша туристік бағыттар ашу жоспарланып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.