Қонаевтағы орталық саябақты абаттандыру жұмыстары жуырда аяқталады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің аталған нысанды аралауы барысында белгілі болды. Бұл жұмыстар биылғы наурыз айында басталған. Қазір 95 пайызға дайын тұр. Бұған жауапты мердігер компания басшысының орынбасары ең бірінші кезекте саябақты көгалдандыруға көңіл бөлінгенін айтады. Ол үшін қала климатына қарай таңдалған 5 түрлі ағаштан 584 түп отырығызылған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.