Қапшағайға 1 миллионнан аса балық шабағы жіберілді. Балықтандыруға Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылғы инспекция, Балық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жыл басынан бері бағалы балық түрлерінің популяциясын ұлғайту үшін Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарына 1 млн.300 мың данадан аса тұқы балық түрлерінің шабақтары жіберілген. Сондай ақ, балық өсіретін шаруашылықтар жыл соңына дейін 1 млн.180 мың данадан астам шабақпен су қоймасын балықтандыруды жоспарлап отыр. Жалпы Қапшағай көлінде балықтың 32 түрі бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.