Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады. Бүгін ел үшін еңбек етіп жүрген әлеуметтік сала қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтті. Сондай ақ салтанатты жиында қалтқысыз қызметімен көзге түскен сала мамандары марапатталды. Оларға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаттары табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






