Жетісу аймағында ауылшаруашылық еңбеккерлерінің күні аталып өтті. Талдықорғандағы мәдениет үйінде арнайы көрме көрсетіліп, мерекелік жиын ұйымдастырылды. Шараға Облыс әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, әр сала бойынша жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар еңбек ардагерлері мен шаруашлықтардың дамуына үлес қосып жүрген аудан қызметкерлерін марапаттады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






