Жетісу облысында шағын және орта бизнес дамуы тұрақты. Салымды сала өкілдерінің 50 пайызы – әйел адамдар. Бүгін Жетісу облысының әкімі Талдықорғанда іскер әйелдердің бір тобымен кездесті. Кәсіпкерлікпен айналысып, өзіне де, өзгеге де жағдай жасап, ел дәулетін еселеп жүргендерге көп атынан алғыс айтты, марапаттады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






