Талдықорғанда азаматтарды қабылдау орталығы ашылды. Бұл жерде тұрғындар түрлі сала басшыларының қабылдауына жазылып, кез келген мемлекеттік мекемеге өтініш бере алады. Негізгі мақсат – мемлекет пен халықтың байланысын нығайтып, қызмет сапасын арттыруға бағытталады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.