Жер солқылдап, алматылықтар сең соққандай күйге түсті. 23 қаңтарға қараған түні алып мегаполисте магнитудасы – 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жұрт жапа-тармағай, үйлерін тастай далаға шықты. Үреймен терезеден секіргендер де бар. Жер дүмпуі кезінде түрлі себептермен 44 адам зардап шегіпті. Қираған, бүлінген ғимараттар жоқ. Қазір қалада жағдай тұрақты. Патрульдік полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар мен жедел бөлімшелер қызметтің күшейтілген режиміне ауыстырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






