Жыл өткен сайын Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады. Жетісу облысында барлығы 7 майдангер қалды. 27 қаңтар күні 97 жасқа қараған шағында соғысқа қатысушы – Михаил Абрамович Тыщенко қайтыс болды. Соңғы жылдары ол Текелі қаласында тұратын жалғыз ардагер болды. Телеарна ұжымы ақсақалдың туыстарына шын жүректен көңіл айтады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.