Биыл облыста агросалаға қатысты 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бағдарлама Солтүстік Қазақстан облысының тауарлы сүт фермасын салу тәжірибесі шеңберінде жүзеге асады. Бұл туралы ауыл шарушылығы басқармасы басшысының орынбасары Димаш Сыдықов БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. Спикердің сөзінше, инвистициялық жобалар импортты алмастыруға, қосымша сүт көлемін арттыруға тікелей әсер етеді. Және өңірдегі сүт өнімдеріне қажеттілікті 100 пайызға дейін қамтамасыз ете алады. Бағдарлама аясында суармалы егіншілікті дамыту мақсатында су үнемдейтін арнайы технологияларды қолдану және көкөніс қоймаларын салу көзделіп отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.