“Менмін” деген жастар назарына! 1- наурыздан бастап ел өңірлерінде кадрлық резервтерге іріктеу басталады. Жобаның негізгі мақсаты – жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру. Үміткерлер 35 жастан аспаған, жоғары білімді болуы шарт. Еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс. Кандидат дәл осы кезеңде жұмыссыз болса соңғы жұмыс орнынан қызметін анықтама ұсынуы керек. Жалпы, құжаттар 7 салалық бағыт бойынша қабылданады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.