Республикалық “Таза Қазақстан” акциясының “Мөлдір бұлақ” апталығы Жетісу облысында жалғасып жатыр. Науқанға аймақтағы 20 мыңға жуық адам қамтылып, 50 экологиялық шара жоспарланған. Акция барысында тұрғындар өзендер маңына сенбілік жұмыстарын жүргізіп, бұлақ көздерін ашуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






