Жетісу облысында қылмыстық істің 80 пайызына ішімдік түрткі болған. Әсіресе, “аса ауыр қылмыстардың дені мас күйінде жасалады”, -дейді полиция қызметкерлері. Алайда өңірде 10 жылдан астам уақыт бойы қылмыс атаулысы мүлдем орын алмаған ауыл бар. Сондай-ақ тұрғындары түбегейлі ащы судан бас тартқан. Дүкен сөрелерінде де саудаланбайды. Құзырлы орган өкілдері бұл үрдісті өзге аймақтарда ұстанса деген ниетте. Тіпті, полицейлер тәжірибе алмаққа арнайы сапарлап қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






