Көксу ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуда жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Мәселен, биыл Балпық би кентінде 50 тұрғын үй салынады. Ал Жарлыөзек ауылында 150 орынға арналған мәдениет үйінің құрылысы биыл басталып, келер жылы қолданысқа берілмек. Сондай-ақ, Мұсабек ауылында блокты-модульдік клуб орнатылады. Бұл туралы аудан әкімі Дәулет Халелов мәлімдеді. Өңір басшысы баспасөз алаңында, өткен жылды қорытындылап, іске асатын жұмыс жоспарларымен бөлісті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






