Отан қорғау – ұлы міндет. Алакөл ауданында 400ге жуық сарбаз әскери ант қабылдады. “Көктем 2024” шақырылымында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында салтанатты шара өтті. Оған жергілікті құзырлы органдардың басшылары, сарбаздардың ата-ана, туған-туыстары қатысты. Сала мамандары жас сарбаздардың әскери қызметтеріне ақ жол тіледі. Құттықтау сөз жауынгерлердің ата-аналары мен жас сарбаздарға да берілді. Шара соңы өнерлі әскери қызметшілердің концерттік ән шашуымен жалғасты. Шекара сақшылары қоян-қолтық ұрыстан көрініс көрсетті. Қызметтік итті қолдану арқылы шекара бұзушыларды тұзақтаудың әдіс-тәсілдерінен көрсетілім қойды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.