Биыл отандық туризмді дамытуға 433 миллиард теңге бөлінді. Осы бағытта 297 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл жөнінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев брифингте айтты. Сондай-ақ 3200-ден аса тұрақты, 4,5 мыңға жуық уақытша жұмыс орнын құру көзделген. Комитет төрағасының айтуынша, жыл соңына дейін жалпы сомасы 246 миллиард теңгеге 148 жобаны аяқтау жоспарланған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.