Бұрындары сабағы біткен оқушы, жазғы демалысын ата апасының жанында ауылда өткізуге асығатын. 3 ай бойы ат мініп, асық ойнап, даланың шаңына аунап қайтатын. Ал қазір ауыл аймақта адам азайды. Шалғайда туысы жоқ қала балаларының дені жазғы демалысын қалай өткізерін білмейді. Таңдау болмаса телефонға телміріп үйде отырады. Мемлекет сол үшін мектеп жанындағы лагерьлерді жүйелі ұйымдастыруды қолға алған. Бүгін Көксуда тағы бір сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






