Қазақстандық Kaspi.kz инновациялық компаниясының қолдауымен Қонаев қаласында іскерлік кездесу өтті. Кәсіпкерлер, мемлекеттік органдар және миллиондаған аудиториясы бар салық сарапшысымен бірге салық салу және жалпыға бірдей декларациялауды талқылады. Жиналғандар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






