Жетісу облысында Бейсен Құранбек атындағы журналистер мектебі құрылады. Өңірлік қоғамдық даму басқармасының бастамасымен қолға алынған жоба алғашында курс ретінде өтпек. Ұзақтығы 1 жарым айға жоспарланып отыр. Спикер ретінде елімізге белгілі, тәжірибелі мамандар шақыртылған. Бұл туралы бүгін жоба жетекшісі баспасөз брифингінде айтты.