Жетісу облысында игі істер марафоны аясында «Экология» апталығы өз мәресіне жетті. Тазалық шарасына жауапты мамандар да, қарапайым адамдар да ат салысты. Акция соңында жасыл ел еңбек жасақтары мен қала тұрғындары және еріктілер Балықты өзенінің жағалауын күл-қоқыстан тазартты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.