Жыл басынан бері Жетісу облысында 30 автокөліктегі өрт оқиғасы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 9 пайызға кем. Қуанышқа орай қаза тапқандар жоқ. Мамандар өрттің шығу себептері әртүрлі дейді. Азаматтар темір тұлпарларын техникалық тексерістен уақытылы өткізбейді. Сондай-ақ көлігін күтіп қараудың қарапайым ережелерін елемейтін көрінеді.