“Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы” деген екен Әуезов. Ескелді ауданындағы Қоңыр ауылы сол алқаны тағынып отыр. Жуырда ел игілігіне су жаңа мәдениет үйі берілмек. Нысанның ерекшелігі заман талабына сай блокты модульдік. 140 адамдық мәдениет ошағына қазір ішкі керек-жарақ жабдықтар әкелініп жатыр. Одан бөлек Қоңырдағы мектептің де қайта жөндеу жұмыстары қолға алынған. Жаңа оқу жылына дейін білім ордасы пайдалануға берілмек.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.