Күрделі кезеңде экономиканы қалпына келтіретін екі сала болса бірі – құрылыс. Яғни, құрылыс саласының серпіні елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді. Сол қозғаушы күштің басы-қасында жүретін мамандық иелеріне әр жылы тамыздың екінші жексенбісінде құрмет көрсетіледі. Бұл күн құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Осыған орай Алматы облысының орталығында салтанатты шара өтті. Үздік құрылысшылардың аты аталып өңір басшысының құрмет грамотасы, салаға жауапты министрдің алғыс хаты табысталды. Тағы бірнешеуі кеудесіне «Құрметті құрылысшы» төсбелгісін тақты
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.