Сақтанғанды – сақтайды. Жетісу облысында тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Биылғы эпидемиялық маусымға 82 500 доза сатып алынды. Өңіріміздің 13% -ы тегін вакцинациямен қамтылмақ. Бұл туралы сала мамандары баспасөз брифингінде айтты. Жиында аурудың таралу жолдары, алғашқы белгілері және алдын-алу шаралары жайлы сөз қозғалды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.