«Ел іші — өнер кеніші». Талдықорғанда ақын Азамат Нұрмұханның шығармашылық кеші өтті. Шарада ол ақын, автор және композитор ретінде көрермен алдында өз өнерін паш етті. Рухани кештің аясында елімізге танымал мәдениет майталмандары ән шырқап, өнер сүйер қауымның ерекше ықыласына бөленді.