Жеті күнде жағдай қалпына келеді. Көксу қант зауыты 22 қазаннан бастап, қайтадан қызылша қабылдай бастайды. Бірнеше күннен бері кәсіпорын тәтті түбір тиеген көліктер керуенін тоқтатып қоюға мәжбүр болған еді. Басты себеп – қызылша көптігі. Биыл шаруалар дақыл алқабын ұйлғайтты, әрі түсім де мол болды. Нәтижесінде, зауыттың кагат алаңдарына шикізат шамадан тыс толып кеткен еді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.