Балқаш ауданы- дегерес қойын өсіретін өңірдегі жалғыз аймақ. Дәлірек айтсақ, Миялы ауылында ғана осы асыл тұқымды ұсақ мал өсіріледі. .Тіпті республикадағы санаулы аймақтың бірі. Елде дегерес қойы жойылып бара жатқаны да жасырын емес. Бұл тұқым 1930-1980 жылдары Алматы облысында жергілікті қылшық жүнді құйрықты саулықты Шропшир және Прекос қошқарларымен будандастыру арқылы пайда болған. Балқаш ауданында өткен ғасыр соңында 130 мыңға жуық дегерес қойы болса, бүгінде бар болғаны 5 мың бастай ғана қалыпты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.