Елімізде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бар. Мақсаты: отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, гендерлік теңдікті ілгерілету. Ұлт мұратын, ұрпақ тәрбиесін насихаттау. Аптада Жетісу облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық –демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Аймақ әкімінің орынбасары, Диас Есдәулетовтың төрағалығымен өткен жиында маңызды тұжырымдама аясында Қаратал,Кербұлақ, Көксу аудандарында атқарылған жұмыстар сараланды. Әлеуметтік маңызы бар жобалар талқыланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.