19 қазан күні елімізде Құтқарушылар күні аталып өтеді. Биыл азаматтық қорғау органдарының құрылғанына – 29 жыл. Төтенше жағдайлар саласында қызмет жасайтындар бейбіт күннің батырлары десек артық етпейді. Себебі қауіпті әрі жауапты қызмет. Жетісу облысында құтқарушылар жыл басынан бері 200-ге жуық жанды түрлі апаттан құтқарған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.