Жетісу әйелдер волейбол командасы мен ерлер ұжымын облыс әкімі арнайы қабылдады. Бейбіт Исабаев клуб мүшелерін жеңістерімен құттықтап, құрмет көрсетті. Айта кетейік, Жетісу әйелдер клубы 10 жылдан кейін ел кубогын жеңіп алды. Ал жігіттеріміз болса, тарихында бірінші рет қола жүлдені қанжығалады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.