Алматы облысында жыл басынан бері екі бірдей ірі қаржылық алаяқтық тіркелді. Өңірлік экономикалық тергеп-тексеру департаменті қос қылмыстық істі қолға алып, сәтті аяқтады. Айта кетерлігі, бұл алаяқтық ұйымдар қаржылық пирамидаға 8 мыңнан аса салымшы тартқан. Қазір өңірде мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары көптеп жүргізілуде.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.