Өткен тарих – бүгінгі тағылым көзі. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев аймақтағы ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Талай тарихи сын сағаттарда кеудесін қасқайып қиындықтарға тоса білген аға буынды Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады. Ержүрек буынға елдің ішкі тұрақтылығын нығайту және жас буынды отаншылдыққа тәрбиелеу ісіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.