Жетісу облысында «WorldSkills Zhetysu – 2026» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Биыл байқауда колледж студенттері мен жас мамандар 38 құзыреттілік бойынша бақ сынауда. Арасында мобильді робототехника, IT технологиялар, дәнекерлеу, аспаздық және дизайн бағыттары бар. Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін көтеріп, еңбек нарығына сұранысқа ие мамандарды даярлау.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






