Панфилов ауданында көпбалалы ана аймақта жоқ кәсіптің көзін тауып, отбасына демеу болып отыр. Бес бала тәрбиелеп отырған Ғазиза Нұрғазиева қазақы нақыштағы бұйымдар жасап, бүгінде аудан тұрғындарының сұранысына ие болған. Бала күнінен қолөнерге жақын жан соңғы үш жылда сүйікті ісін табыс көзіне айналдырған. Сұранысына сай кәсібін үлкейтуге жергілікті әкімшіліктен қолдауда тауыпты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






