Өңір басшысы Бейбіт Исабаев Көксу ауданына іссапармен барып, бірқатар құрылыс нысанын аралады. Аудан орталығында салынып жатқан екі көпқабатты үй құрылысымен танысып, Жарлыөзек ауылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектепті аралады. Нысандардың сапалы салынып, уақытылы тапсырылуына назар аудартты. Сапар барысында облыс әкімі Ескелді ауданында іске қосылған балық зауытының жұмысын көріп, аймақ үшін тың кәсіптің жоспарына зер салды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






