Сарыөзек ауылының үштен бір бөлігі орталықтандырылған су жүйесіне толық қосылды. 36 көшеге жаңадан 40 шақырым құбыр тартылып, мыңға жуық абонент сапалы ауыз суға қол жеткізді. Жылдар бойы таза судан таршылық көрген сол көше тұрғындарының басты мәселесі шешілді деуге болады. Қазір аудан орталығында екінші және үшінші кезеңге сәйкес суға қосуға дайындық басталып кетті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






