Сарыөзек ауылында отралықтандырылған су жүйесіне қосылудың екінші кезеңі жалғасып жатқанымен елді-мекеннің бірнеше көшесі тіршілік нәрінсіз отыр. Әсіресе Құлжабай би, Шоқан, Бокин көшелерінің тұрғындары үшін шілденің шіліңгір ыстығы қиындықтар туғызуда. Дегенмен бұл көшелерге тәулігіне бір рет су таситын көлікпен жеткізіліп жатыр. Ал мәселе бірер күнде толықтай шешілуі тиіс.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






