Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау ауыл шаруашылығын дамытуға серпін беріп келеді. Соның нәтижесінде Көксу ауданында шаруалар заманауи технологияларды өндіріске енгізуге ден қойып отыр. Осы бағыттағы озық тәжірибелер ауданындағы «Кеңдала» шаруа қожалығының базасында өткен дәстүрлі Дала күнінде таныстырылды. Ауқымды шараға ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен өңір фермерлері қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






