Республика күніне талдықорғандықтарға тамаша тарту. Мереке қарсаңында бір ауысымда 500 адам қабылдай алатын заманауи емхана ашылды. Қадырғали Жалайыри даңғылындағы бес қабатты емдеу мекемесінің лентасын қию рәсіміне Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қатысып, жаңа нысан ел игілігіне, қала тұрғындарының денсаулығын түзеуге бағытталған стратегиялық маңызы бар нысан деп атап өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






