Агроөнеркәсіп кешендерін қаржыландыру дұрыс бағытта жұмсалып жатқан жоқ. Атап айтсақ, субсидиялау мен кредиттеу және кепілдік беру жүйелері тиісті мекемелерге жетпей қалады. Бұл туралы сала мамандары Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен басқосуда айтты. Жиынға бизнес өкілдері, прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері, «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорының мамандары қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.