Ауылға ауыз су келді. Ескелді ауданына қарасты Алдабергенов ауылының тұрғындары орталықтандырылған су жүйесіне қосылды. Себебі осы күнге дейін бұл маңда су мұнарасы мүлде болмаған. Тұрғындар өз күштерімен 7-8 метр тереңдікті қазып, су шығарып келген. Жаңа жылда жаңа су құбырлары ел игілігіне өтті. Әр үйге таза су келіп тұр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.