Алдағы жексенбі – “Еңбек күні”. Атаулы күн, 2013 жылдан бері қыркүйек айының соңғы демалысында аталып өтеді. Күні кеше Талдықорғанда 15 саланың 20 қызметкері ұзақ жылғы еңбектері үшін облыс әкімінің алғысхатымен марапатталды. Олардың барлығы аймағымызды өркендету үшін тер төгіп, қызметін абыроймен атқарып жүрген үздіктер.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.